Трансформациялық көшбасшылық

2024 жылдың 14  наурызы күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің жоспарына сәйкес «Трансформациялық көшбасшылық» тақырыбындағы семинар-тренингі өтті.

Іс-шараның мақсаты: ТжКБ ұйымдарының жас оқытушыларының дербестігіне бастамашылық ету, олардың ішкі ынтасын арттыру, тиімді топтық пікірталас ұйымдастыру арқылы шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру.

Семинар-тренингтің шешуші сәті — Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімі тарапынан ұйымдастырылған «Үздік жас педагог — 2023» қалалық байқауының жүлдегері Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжі оқытушысы А.Қ.Мырзалиева және  байқау жүлдегері Менеджмент, бизнес және білім колледжінің оқытушысы Қ.Қ.Аманованың өз пәндерінен ашық сабақтар ұсынуы.

Семинар барысында педагогикалық фасилитация қағидатына негізделген арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет  жас педагогтердің қатысқан сабақтарын топтық қарқынды талқылауды барынша тиімді, кәсіби деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік берді. 

Жас педагогтер «Шипагер» медициналық колледжі мекемесінің әдіскері Әлібек Ақжұлдыз Сағидоллақызы ұсынған «Оқыту үрдісін ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер»  тақырыбындағы педагогикалық топтама жұмысына белсенді қатысты.  

Семинар-тренингке қатысушылар іс-шараның өзектілігін, әдістемелік қолдаудың тиімділігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Іс-шараға 35 адам қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *