«Ұлттық құндылықтар білім мен тәрбие» негізінде қалалық семинар

Астана қаласы әкімдігінің Әлімхан Ермеков атындағы «№38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-де 13 наурыз күні «Ұлттық құндылықтар білім мен тәрбие негізінде» тақырыбында қалалық тәжірибе алмасу семинары өтті.

Ұлттық құндылықтарға негізделген оқу мен тәрбиені көрсету, тәрбие бағытындағы түрлі жобалардың жүзеге асырылу деңгейін көрсету, педагоготер арасындағы ынтымақтастық құралдарын дамыту, тәжірибе алмасу және серіктес мектептер жұмысын нығайту мақсатын көздеген семинарға қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар, тәлімгерлер және пән мұғалімдері қатысты.

Семинарда №38 мектеп-лицеймен қатар, №43 ҚББМО және №64 мектеп-лицей мұғалімдері де өз тәжірибелерін ортаға салды.

№38 мектеп-лицейінің бастауыш сынып пән мұғалімдері: К.Нурманбетова, А.Балымбетова, М.Ботабекова, Б.Нурманбетова, Ж.Бозбаева; физика пән мұғалімі Г.Пармонова, қазақ тілі пән мұғалімі Д.Каржикова, математика пән мұғалімі А.Ғұбайдуллина, тарих пән мұғалімдері: Г.Иманбаева, С.Дәулет, көркем еңбек пән мұғалімдері: Қ.Тулеуов, Г.Жакеева, Л.Жумабаева, Г.Ахатова сабақ және сыныптан тыс іс-шара барысында ұлттық құндылықтардың сабақ процесіне енгізілуін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы көрсетсе, мектеп тәлімгері Ш.Ақман №38 МЛ, №43, №50 МЛ, №52 МГ оқушыларымен бірлескен «IQ-DODO» сөз бәйгесінде оқушылар Ұлттық құндылықтар туралы ой бөлісіп, пікір алмасты. «Әжеден ғибрат» әжелер клубы жетекшісі Д.А.Жарасбаева әжелермен бірлесе, ал Әкелер мектебі жетекшілері Какенов Б.Т., Ғұбайдуллин А.С., Абилова А.Ж. №43 ҚББМО, №64 МЛ әкелерімен «Әке-бәйтерегім, ұлым-мұрагерім» тақырыбында қамшы өріп, ер тоқым жасап, ағашты күйдіріп, ою бейнелеп шебер сынып көрсетті. Дене шынықтыру пән мұғалімдері П.Елемес қыздар арасында «Бес тас» ойынын ойнатса, Ғ.Аубакиров және информатика пән мұғалімі М.Дәнебеков ұлттық ойын асық атудан оқушылар мен Робот арасында жарыс ұйымдастырып, роботтардың да асық ойынын ойнай алатынын көрсетіп, тәжірибелерін ортаға салды.

Қолөнер, ұлттық ойындар көрмесі және мектептегі Damu Bala жобасы негізінде жүргізіліп жатқан көркем өнер үйірмелері, Құндылықтарға негізделген білім беру жобасы, «Жас сарбаз», «Қуыршақ» театрының бір жылдық жұмыс есебі жинақталған шағын баннерлерді Н.Каусова, А.Ермаханова, Г.Тілепбай жиналған қонақтарға таныстырды. Әр үйірме жетекшілері өз жұмыстарын әр түрлі форматта алып шығып қорғады және шеберлік сағаттарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың соңында мектеп психологтары Ж.Мукатаева мен М.Муфтахова психологиялық тренинг өткізіп, қорытындысы кезінде рефлексия жасалып, кері байланыс QR арқылы берілді. Қонақтардың оң пікірімен аяқталған семинар соңы А.Қазмағанбетова, Б.Муканов, Т.Рахимов, Н.Канафинның жетекшілігімен қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жеңімпаз өнерпаздарының концертімен қорытындыланды. Білім беру ұйымдарының 86 мұғалімі тәжірибе алмасу семинарына қатысты.

@oqu_agartu_ministrligi

@gani.beisembayev

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@baikenyesset

@k.sengazyyev_official

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған