Жалпы білім беретін мектеп жағдайында инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесі

2024 жылдың 13 наурыз күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №75 мектеп- гимназиясында «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесі» тақырыбында қала мектептерінің педагогтеріне арналған семинар өтті.

Семинар барысында №75 мектеп-гимназия педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп, психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар, спорттық ойындар жүргізді.

Семинар екі бөлімнен болды: бірінші бөлімде мұғалімдер сабақтарын көрсетті. Сабақ барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен арнайы тапсырмалар орындап, оларды сабаққа белсенді қатыстырды. Әр білім алушы үшін, өз қажеттілігіне қарай, арнайы тапсырмалар құрастырылған. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер, арнайы балаларды қызықтыратын ойындар, ребустар, «Лего» құрастырушы ойншықтары қолданылды.

Екінші бөлімде практикалық жұмыс болды. Мектеп психологтері, дефектолог, логопед өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар жоғары деңгейде өтті. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған