2024 жылдың 6 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен №№41, 85, 92 мектептерінің ата-аналарына конструктивті өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту, бала тәрбиесі мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру мақсатында «Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» атты тақырыпта семинар-тренингтер өткізілді.
Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері тәрбиенің теориялық негіздерін ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен балалардың табысты қарым-қатынасын құруға арналған практикалық тапсырмалар мен жаттығулар берді. Ата-аналар тәрбие мәселелерін шешу барысында бір-бірімен тәжірибелік кейстерімен бөлісті.
Сонымен қатар ата – аналарға жұмыс істейтін психологиялық- консультативтік көмек көрсету кабинеттері және психологтың ақысыз негізде кеңес алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.