Құрылыс-техникалық колледжінде әдістемелік күн ұйымдастырылды

Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес ТжКББ бөлімінің әдіскері Н.С.Исина тарапынан 2024 жылғы 12 наурыз күні Құрылыс-техникалық колледжінде әдістемелік күн ұйымдастырылды. Әдіскер колледж оқытушылары С.Ш.Актаева және Е.С.Аржикеевтің сабақтарына қатысты.

Әр сабақтың соңында талдау жасалып, әдістемелік ұсыныстар берілді. Білім алушылардың пәнді жақсы меңгергені, педагогтердің оқытудың заманауи формалары мен әдістерін орынды қолданғаны және оқу үрдісін шебер ұйымдастырғаны атап өтілді.

         Сонымен қатар, колледждің оқу-әдістемелік қызметі бойынша құжаттамалардың жүргізілу барысы зерделенді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған