Педагогтердің әлеуетін көтеруде кәсіби тәжірибесін жетілдіру

2024 жылғы 12 наурыз күні Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда «Педагогтердің әлеуетін көтеруде кәсіби тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында қалалық практикалық семинар өтті. Іс-шараға қала және серіктес ауыл мектептерінен 100-ден астам педагог қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Іс-әрекеттегі зерттеу-Action Research, Lesson study арқылы педагогтердің шығармашылық және кәсіби белсенділігін сабақтарда қолдануын көре алды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы оқушыларға ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында Целиноград ауданы
Ы. Алтынсарин ауылы мектебінің педагогтері мен оқушылары белсенді қатысып, тәжірибелерімен алмасты, нәтижесінде екі мектеп арасында ынтымақтастық келісім шартқа қол қойылды.

Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, мектепте зерттеу тәжірибесін әрі қарай дамытып серіктес мектептермен осы бағытта жұмысты жалғастыру бойынша пікірлер айтылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған