11 наурыз күні №85 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, оқыту өзге тілдегі мектептердегі 2-4 бастауыш сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулығының авторы, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Нукебаева Бахытхан Сейтханқызының іс-тәжірибесін тарату бойынша қалалық семинар өтті.
Семинарда мұғалім 8-сыныпта Б.Бопайұлының «Наурызнама» шығармасы бойынша ашық сабағында «Комикс», «Концептуалды кесте» әдістері бойынша оқушыларды шығармашылыққа баулыды. «Мұғалім шығармашылығы – жетістік сыры» тақырыбындағы көрмеде жылдар бойы жинаған тәжірибесімен бөлісті. «Диктантты не үшін жаздырамыз?» шеберлік сыныбында оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда диктанттың алатын орнын, дағды қалыптастырудың жолдарымен таныстырды.
Алдағы қыркүйек айында Бахытхан Сеитханқызының еңбек жолын бастағанына 35 жыл толады. Шебер ұстаздың жетістік пен шығармашылыққа толы еңбек жолы жас мамандарға үлгі болды.
Аталған іс-шараға жас мамандар тәлімгерлерімен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып өз шығармашылықтарына көптеген идеялар алғанын айтып, ұстазға жетістік пен табыс тіледі.
Әдіскер Г. Бекболатқызы іс-шараны қорытындылап, Әдістемелік орталық атынан Алғыс хат табыстады.