Softskills of a modern teacher: problems and prospects

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024 жылдың 6 наурыз күні педагогтердің  кәсіби құзіреттілігі мен дағдыларын қалыптастырып, тиімді платформалар мен әдістерді пайдалану және тәжірибе алмасу мақсатында №79 мектеп- лицейінде «Softskills of a modern teacher: problems and prospects» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қала мектептерінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар басында №79 мектеп- лицейінің директоры К.Б.Мукушева білім саласындағы жаңалықтармен бөлісе отырып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Әдістемелік орталықтың әдіскері Қалмағанбетова Балдырған Мамайқызы ағылшын тілін оқытудағы мұғалімдердің кәсіби дамуындағы Softskills ролінің маңыздылығына тоқталып өтті. Семинардың тәжірибелік бөлімінде ағылшын тілі пәні мұғалімі А.А.Актанова 6 «Д» сыныбында «Folktale. Kyz Zhibek» тақырыбында, Г.К.Ташимова 6«А» сыныбында «PRESENT PERFECT SIMPLE: Questions» тақырыбында, Н.Е.Турсунова, Г.А Нуркенова 4«Д», 4«В» сыныптарында «Save our animals» тақырыбында ашық сабақтар өткізді; ағылшын тілі, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері К.А.Елеукешова, А.Ц.Касымова, А.Р.Абдрахманова 8«Д» сыныбында «Наурыз» тақырыбында интеграциялық сабақ өткізді. Пән мұғалімдерінің қатысуымен №79 мектеп- лицейінің мұғалімдері А.А Молдакаликова, Г.З.Хамзина, А.Б.Мырзашова «TEDx Talks Conference.Speeches changing the world» тақырыбында, А.К.Жукеева, Ж.М.Курбенова «Development of communication skills in the process of learning a foreign language based on gamification» тақырыбында, Tamos Space School мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Н Букенбаев «The purpose of the learning process. The essence of the process for learning» тақырыбында, №13 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Х.С.Айтназарова, А.Сеит «Applying of Bloom’s Chamomile technique, based on Bloom’s taxonomy, to develop critical thinking in English lessons» тақырыбында, №17 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.А.Сералимова, Н.Ж. Саден «Implementing video material in ELT»тақырыбында шебер сыныптар өткізіп өз тәжірибелерімен бөлісті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Г.Бейсембаева, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.И.Байсакалова «How to develop Softskills» тақырыбында мұғалімдердің әдістемелік қоржынын толтыру мақсатында коучинг өткізді. Кері байланыс кезінде педагогтер тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, тиімді кері байланыс жасады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *