Кәсіби шеберлікті жетілдіруде білім берудегі инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану

2024 жылдың  29  ақпан  күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  «Кәсіби шеберлікті жетілдіруде білім берудегі инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Білім беру ұйымдарының жас математика педагогтеріне кәсіби шеберлікті жетілдіру үшін тәжірбиелі ұстаздар өздерінің тәжірибсінде қолданып жүрген технологияларымен бөлісті. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту жолдары қарастырылды.

Оқыту семинарына қала мектептерінің жас математиктері қатысы.  

 Әдістемелік орталық әдіскері Қ.Нұртаева және Шәкәрім атындағы

№ 56 мектеп-лицейінің  математика пәні мұғалімдері Байгазиев Р.Ф., Картаева О.С., Жанбекова Г.С., Апуова С.Н., Джампеисова А.К,  Томантаева А.Т., Исабекова Г.М, Бекрікбай М. «Кәсіби шеберлікті жетілдіруде білім берудегі инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану»  тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.  Семинар барсында  төмендегідей тақырыптар қамтылды.

  • «Жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін қалыптастырып ,  дамытуда инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану»;
  • «Проблемалық  оқыту  технологиясы арқылы  сабақта проблемалық  жағдаятты  қалай  құруға  болады?»;
  • «Математика сабағында деңгейлеп-саралау оқыту технологиясын қолдану»  «Инклюзивті білім беруде  Шаталовтың тірек схемаларын қолдану»;
  • «Математика сабағында Сын тұрғысын ойлау технологиясын тиімді пайдалану»; 
  • «Модульдік оқыту технологиясының  тұлға  қажеттіліктерін қанағаттандыруға  және  оны  дамытуға  ықпалы»;
  • «Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктерді шешу тәсілдері»;

        Семинардың екінші бөлімінде жас мамандар оқыту семинарында айтылған  технологиялар  бойынша  тапсырмалар  әзірлеп, ортада  талдап,

бір-бірімен ой бөлісті.

        Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:

1.     Мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға қызықты, түсінікті, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.

2.     Мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.

3.   Инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану арқылы оқушы берілген материал негізінде өз бетімен жаңа ақпараттар тауып, оны талдап және білімді одан әрі жетілдіру қажет.

4.     Мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі маңызды.

5.     Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі қажет.

6.     Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру пайдалы.

7.     Сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану керек.

Семинар соңында жас математиктер спикерлермен ой бөілісіп, кері байланыс жүргізді. Кері байланыс  padlet платформасында  жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған