«Teaching Workshop: Effective Platforms and Methods for Learning English» қалалық семинар практикум ұйымдастырылды

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024  жылдың 4 наурыз күні ағылшын тілін үйретуде және педагогтердің  кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда  тиімді платформалар мен әдістерді пайдалану және тәжірибе алмасу мақсатында Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында «Teaching Workshop: Effective Platforms and Methods for Learning English» қалалық семинар практикум ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қала мектептерінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  қатысты.

Семинар басында №2 мектеп-гимназиясының директоры Нугуманов С. Б.  білім саласындағы жаңалықтармен бөлісе отырып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Ағылшын тілі кафедрасының жетекшісі Турсынбаева С. И. ағылшын тілі кафедрасының сапалық құрамымен, семинардың мақсатымен таныстырды.  

Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова Алтынай Бекбаевна  ағылшын тілін оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерімен таныстырып өтті.

Қазақстанның ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы үйлестірушісі Наталья Зырянова «Al tools for EFL teachers» тақырыбында әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Сильева  Г. О. 7-сыныпта «Natural Disasters» тақырыбында, Абдрахманова Г. Д.  8-сыныпта «Going through. Passport control. Airport terminals around the world» тақырыбында, Жунусова Ж. С. 5-сыныпта «It’s a birds life» тақырыбында, Абдукаримова Б. С.  9-сыныпта «4 elements of music» тақырыбында, Турсынбаева С. И. 4-сыныпта «Save our animals» тақырыбында Жунусова А. З. 7-сыныпта «Entertainment and media» тақырыбында Жумаева М. А. 8-сыныпта «Transport and Travel» тақырыбында Байташева Р.А 5-сыныпта «Culture quiz time about Africa» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Пән мұғалімдерінің қатысуымен №2 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімдері Байташева Р. А., Наширова С. М., Жумагулова Ш.А. «Gamification like a beneficial method of teaching English» тақырыбында, Арипова Р. Д., Ниязбекова А. Ж., Абдукаримова Б. С. «Rational use of artificial intelligence in the classroom» тақырыбында мұғалімдердің әдістемелік қоржынын толтыру мақсатында коучингтер өткізді.

Сонымен қатар қала мектептерінен келген №89 мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі  Duisenbayeva A.S  «Destination of London. Grade 6» тақырыбында, №17 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімдері Рамазанова А. Е., Уркенова Д. С. «Workshop Teachers of English language» тақырыбында шеберлік сыныптар көрсетіп өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында келген қонақтар  мектеп оқушыларының өнерін тамашалап, Әдістемелік орталықтың әдіскері А.Амирова іс-шараны қорытындылап қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тиімді кері байланыс жасады. Семинарға қала мектептерінен 70-қа жуық мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған