2024 жылдың 29 ақпаны күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерінің ұйымдастыруымен мектеп психологтарына әдістемелік көмек ретінде №42 орта мектептің 8 «а» сынып оқушылары қатысты.
Балалармен команда құру, өзіндік сенімділігін арттыру, өзін-өзі қабылдауға байланысты және жауапкершілікті қалыптастыратын топтық ойындар жүргізілді.
Ал мектеп психологтарына әдістемелік ұсыныстар мен іс-шараның әзірлемелері өзге де сыныптарда тренингтер жүргізу үшін берілді.