29 ақпан мен 01 наурыз аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен балалармен жағымды қарым-қатынасты орната білуде психологиялық білімді жетілдіру мақсатында №№9,20,42,72,63,82 мектептерінің 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренинг барысында отбасының бірігуі, жасөспіріммен бірлесе жұмыс істеуі, ата-ана мен бала арасындағы жағымды қарым-қатынасты орната білуіне аса назар аударды.
Ата-аналарға Астана қаласының аудандарында ашылған «Психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттерінің» қызметі туралы толық ақпараттар берілді. Тренингке қатысушылар тарапынан жылы тілектер айтылып, психологиялық-консультациялық көмек алуға деген жоғары қызығушылық болды.