Әдістемелік күн

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның жұмыс жоспарына сәйкес ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Н.С.Исина, Б.К.Сейдахметова, Р.Қ.Давлетбаева тарапынан 2024 жылғы 4 наурыз күні Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінде әдістемелік күн ұйымдастырылды. Әдіскерлер колледж оқытушылары Е.Мутан, А.Махамбетова, Г.Кайсаева, А.Кусаинованың сабақтарына қатысты.

Әр сабақтың соңында талдау жасалып, әдістемелік ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, колледждің оқу-әдістемелік қызметі бойынша құжаттамалардың жүргізілу барысы зерделенді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған