Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп гимназиясында «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ (LESSON STUDY) – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛ» тақырыбында 01.03.2024жылы қалалық семинар өтті.
Білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әрбір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат. Сол мақсатқа жетудің бірден бір жолы — Lesson Study.
К.Д.Ушинский «Мұғалім үнемі білімін жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ол оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның ұстаздығы жойылады» дегендей, үздіксіз білім беру жүйесінде, іс-әрекет пен сабақты зерттеу – мұғалімдердің үздіксіз білім алу мен іс-тәжірибемен бөлісуінің арқасында деп білеміз.
Lesson Study — оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық тәсіл. Осы бағытта бүгін, 1-наурыз күні мектебімізде , яғни Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясында, серіктестер №52, №63 және №64 мектептер аясында іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында өткен қалалық семинар 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша, №64 мектеп-лицейі кәсби алаңда ПШО тренері Ултанбаева Сара Еркиновна бастаған топ «Сабақты зерттеу тәсілінің теориялық негіздері» тақырыбына өз тәжірибиелерімен бөлісті. Екінші практикалық кезеңде, №63 мектеп-гимназиясының мұғалімдері «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жақсартуға қалай көмектеседі?» зерттеу мақсатында 9 пән бойынша ашық сабақтарын беріп, тәжірибе алмасты. Үшінші кезеңде, №52 мектеп-гимназиясы «Оқушылардың оқу ынтасын дамытудың әдіс-тәсілдері» атты шебер-сынып көрсетіп, тәжірибелік сәттерін шындады. 3 мектептің серіктестігімен және қала бойынша 110 пән мұғалімдерінің қатысуымен өткен Lesson Study тақырыбындағы қалалық семинарымыздың кері байланысы бойынша, «мұғалімдер тәжірибелерімен жоғары деңгейде бөлісіп, бәріміз үшін маңызы жоғары, өте жемісті семинар болды» деген пікірлер қалдырылды. Қорыта келгенде, бүгінгі өткізілген қалалық семинарымыз, табысты болды деп сенеміз!