Ұлағатты ғұмыр жалғасы

Саналы ғұмырын білім саласына арнаған парасат-пайымы мол, өз мамандығын ерекше құрметтей білген, туған жеріне, ана тіліне адал қызмет еткен ұстаз Нұржан Құспанұлының тағылымы терең өмірін, өшпес ізін, еңбек жолын келешек жас ұрпаққа үлгі ету, насихаттау мақсатында «Ұлағатты ғұмыр жалғасы» тақырыбындағы еске алу кеші №60 мектеп-лицейінде  өтті.

«ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Астана қаласы бойынша мұғалімдердің «Алтын Кітабына» есімі енген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Қаратаев Нұржан Құспанұлы атындағы кабинет ашылды.

Аталған іс-шараға ұстаздың туған жері БҚО, Казталовка ауданы Қараоба аулынан  келген бауырлары, сыныптастары достары және жары Сандуғаш Мұсақызы, қыздары Айнұр мен Тоғжан қатысты. Сонымен қатар, Астана қаласындағы  білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімдері, бірге еңбек еткен әріптестері, тіл жанашырлары да  өз лебіздерін білдіріп, Роза Әбіләкімқызы басқаратын №60 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымына мұғалімге көрсеткен құрметтеріне зор алғыстарын білдірді. «Есімі өшпес жүректен» тақырыбында  сынып сағатында Нұржан Қаратайұлының  дәріс берген шәкірттері зор сүйіспеншілікпен ұстаздарын еске алып, жыр арнады. Еске алу кеші мұғалім еңбегінің ерен екенінің тағы бір дәлелі болды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған