Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Орта білім беру бөлімінің әдіскерлері 2024 жылғы 01 наурыз күні №49 мектеп-гимназиясында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Мақсаты- педагогтердің сабақ беру әдістемесін, білім сапасын арттыру үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді бақылау, оларға кәсіби шеберлігін шыңдауда әдістемелік қолдау көрсету.
Әдіскерлер барлық пәндер бойынша 15 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап, сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты.