Әдістемелік десант

2024 жылғы 29 ақпан күні Астана қаласының Әдістемелік орталығы №6 «Көктем» балабақшасы педагогтерінеәдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум ұйымдастырды.

Семинар барысында мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А.Ракижанова балабақша ұжымына аталған іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстыра отырып, «Балабақшаны дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсынымдар» слайд-презентация арқылы түсіндірді.

Десант аясында мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, «Балабақшадағы инклюзивті орта» тақырыбында инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері А.Каримова ақпарат беріп өтсе, «Педагогтердің педагогикалық әзірленім түрлері мен құрастыру ережелері» тақырыбында авторлық бағдарлама мен әдістемелік құрал жазудағы ерекшеліктерге талдау және мониторинг бөлімінің әдіскері Р.Айгараева назар аудару керектігін атап өтті.

«Үлгілік бағдарлама негізінде перспективалық жоспар және циклограмманы жазудың ерекшеліктері», «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдері мен баланың жеке даму картасын толтыру» талаптары бойынша» әдіскер Қ. Көшен тоқталып өтті.

Сонымен қатар, «Педагогикалық Sabaqtastyq» жобасы аясында балабақша мен бастауыш сынып арасындағы байланысты нығайтуда жүргізілетін іс-шараларға әдіскер Б.Әзімбай түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Орталық әдіскерлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтеріне өзекті болып табылатын нормативтік құжаттармен таныстырды.

Семинар-практикумның соңында қорытынды жасалынып, рефлексия жүргізілді. Педагогтер тиімді кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Тәрбиешілер өздерін толғантқан сұрақтарға толыққанды жауап алды.

«Әдістемелік десант» жобасы аясындағы жұмыс өз жалғасын табады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған