«Инклюзивті білім беру жағдайында балаларды психологиялық сүйемелдеу ерекшеліктері» қалалық семинар

2024 жылғы 29 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №92 мектеп- гимназиясында  «Инклюзивті білім беру жағдайында балаларды психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог- психологтарына арналған қалалық семинар өтті. Семинар бағдарламасы бойынша Астана қаласы «INDIGO Bala» орталығының маманы Б. Нуриддинова ерекше білімге қажеттілігі балалар санының өсу себептері, арнайы мамандардың жұмыс алгоритміне тоқталып, нейропсихологиялық әдістерді қолдану тәсілдерін практика жүзінде көрсетті. №96 «Аяла» арнайы балабақшасы мен № 63 «Әсем- ай» балабақшасының тәжірибелі педагог – психологтары А. Ахметова, С.Сүлейменова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.Әдістемелік орталық әдіскері А.Исабекова «Түсінемін-Сезінемін-Қолдаймын» тренингін өткізді. Қатысушылар инклюзивті білім беру жағдайында баланы тану, қабылдау, түсіну, әлемге өзінің және басқа адамның көзқарасымен қарау,толеранттық қарым – қатынасты қалыптастыру мақсатына негізделген топтық тапсырмалар мен жаттығулар орындады. Әр топ мүшелері тапсырмалар бойынша өзінің болжамын, идеясын ортаға салып, топтық жұмыстың қорытындысы талқыланады.

ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасайтын педагог – психологтың іс- құжаттарын жүргізу  талаптары  түсіндірілді.

Семинар жұмысына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 75 педагог – психолог қатысты. Семинар соңында ұйымдастырылған «Интервью» тәсілі арқылы бүгінгі күнгі жұмыстың мазмұны, алдағы уақытта осы тақырып бойынша не білгісі келетіні жайлы қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған