«Cisco» Желілік Академиясы Халықаралық бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша практикалық семинар

2024 жылғы 29 ақпанда «Cisco» Желілік Академиясы Халықаралық бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша мектеп нұсқаушылары мен информатика пәні мұғалімдеріне арналған практикалық семинар өткізілді.

Семинарда талдау және мониторинг бөлімінің әдіскерлері Шаяханова Роза Ақпанқызы мен Яковлев Владислав Александрович Netacad платформасында тіркелу және Астана қаласының Әдістемелік орталығының желілік академияларды қолдау орталығына мектептердің «Cisco» Желілік академияларын бекіту рәсімінің ерекшеліктерін ұсынды, Сондай-ақ білім алушылар үшін курстар құру, оқыту мен оқу курстарын түзету ерекшеліктері бойынша мәселелер қаралды.

Семинар жұмысына «Cisco» Желілік Академиясының бағдарламасын жүзеге асыратын Астана қаласының 20 мектебінен 30 информатика пәнінің мұғалімдері мен нұсқаушылары қатысты.

Семинар барысында №60 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Байжуманова Ирина Викторовна «Cisco» Желілік Академиясының «IT Essentials: PC Hardware and Software/IT Fundamentals: PC hardware and software» оқу бағдарламасын оқыту бойынша әзірлеген авторлық жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс беріп жобаны жалғастыру бойынша ұсыныстар мен практикалық кеңестер ұсынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған