Заманауи сабақ: қазіргі білім берудегі мұғалім мен оқушының рөлі

2024 жылғы 29 ақпан күні Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясының Астана қаласы Әдістемелік орталығымен бірлескен «Заманауи сабақ: қазіргі білім берудегі мұғалім мен оқушының рөлі» аттықалалық семинар-практикум өтті.

          Білім алушыларды оқытуда жаңа технологияларды іске асыру, білім жобалары аясында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, педагогтердің шығармашылық, зерттеушілік әлеуетін арттыру мақсатында өткен шараға қала мектептерінен 158 педагог қатысты.

Іс-тәжірибе алмасу алаңына өзіндік сабақты зерттеудегі шығармашылық жұмыстарымен, педагогикалық әдіс-тәсілдерімен бөлісу, тәжірибелерін қала деңгейінде тарату үшін қаланың № 68, 73, 92 мектептерінен педагогтер келіп қатысты.

Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының директоры Л. Сарсембекова семинардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушы педагогтерге сәттілік тіледі.

Өткізілетін сабақтардың сапасы мен қолданылатын әдіс-тәсілдерді бақылау мақсатында Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскерлері Ж. Маманова, К. Баяхметбаева, Н. Әзімбай қатысты.

Семинар көрнекіліктер аллеясы, тәжірибе алаңы (сабақтар), шеберлік сағаттары мен тренингтер, кофе-брейк және кері байланыс бөлімдерінен тұрды.

Семинардың ең өзекті тұсы тәжірибе алаңы болды. Ол жерде аталған мектептердің 20 педагогі бастауыш сынып, дүниетану, әдебиеттік оқу, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, информатика пәндерінен сабақ өткізіп, іс-тәжірибемен бөлісті.

Сондай-ақ, сабақ үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану мақсатында шебер сыныптар ұйымдастырылды.

Өткізілген семинар өз мақсатына жетті. Іс-шараға қатысқан ұстаздар сабақта қолдануға қажетті жаңа әдіс-тәсілдер және әдістемелік құнды дүниелерді алды.

Диалогтік алаң  кері байланыс сәтінде «Асығың алшысынан түссін» әдісі арқылы қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған