«Заманауи мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру» оқыту семинар

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2024 жылғы 27 ақпан күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына (жас маман) Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицей базасында «Заманауи мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинар өтті.

Іс-шара барысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Танирбергенова Анар Шынболатовна «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру тетіктері мен перспективасы» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті. «Әдістемелік орталығы» МКҚК тәрбие және қосымша білім беру әдіскері Бекетаева Гульдана Ескеновна «Тәрбие жұмысына сараптамалық есеп жазудың бірнеше үлгісі», «Әдістемелік орталығы» МКҚК тәрбие және қосымша білім беру әдіскері Джунусова Дамира Ернаровна «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құжаттары» тақырыптарында тәрбие жұмысының нормативтік құжаттарын маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі кезде мұғалімнің баламен өзара әрекеттесудегі рөлі және мектепте оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыру үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігін баса айтты. Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тулбакан Еркин «Құқық бұзушылықтың алдын алу» жолдарын айтып өтті.

Семинар соңында Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің педагог-психологтары «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» психологиялық тренинг өткізді.

Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған