Елорда мектептерінің жасөспірімдері үшін «Тұлғалық даму» тренингтері

      «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 22-23 ақпанында

№ 7,8,11,93,74 мектептерінде жасөспірімдерге арналған тренингтер өткізілді. Мұндай тренингтер  жасөспірімдерде өзін-өзі бағалауда оң көзқарас қалыптастыруға және өзін жақсы түсіне білуге бағытталған.

       Оқушыларға арналған тренингтер барысында бөлім әдіскерлерімен ситуациялық тапсырмалар, коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар, балалар ұжымын біріктіруге арналған ойындар ұсынылды.

       Сонымен қатар балалар  үшін мектеп ортасында жағымды  атмосфера құруға   бағытталған мотивациялық бейнероликтер, шаршау мен шиеленісті жеңілдету техникалары,оқу материалын жақсы меңгеру үшін зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар көрсетілді. Балалар осындай тренингтердің қажеттілігін атап өтіп, жағымды эмоциялар қалдырды.

       Қазіргі заманауи жасөспірім үшін  өзін қабылдай білу, болашағын жоспарлауға, мақсат қоюға және оларды жүзеге асыруға ұмтылу маңызды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған