2024 жылғы 22-23 ақпан күндері «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі жұмыс жоспарына сәйкес № 7, 8,11 36,43,93,74 мектептерде ата-аналарға арналған семинар-тренингтер өткізді.
Ата-аналар қоғамының психологиялық-ағартушылық қызметі шеңберінде балалар мен ата-аналар қарым-қатынасында қолайлы қарым-қатынасты дамыту мақсатында іс-шаралар өткізілді.Бөлімнің әдіскерлері ата-аналарға біздің қаламыздың бес ауданында жұмыс істейтін психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттері туралы және психологтан тегін кеңес алу мүмкіндігі туралы ақпарат берді.
Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде ата-аналар балалар рөлінде болып, өз әсерлерімен бөлісті, психологтардың пайдалы ұсыныстарын қабылдады.