2024 жылдың 26 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен № 62 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеруге тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, сабақтағы белсенділігін дамыту және білімін жетілдіру мақсатында «Білім беруде оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану арқылы білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыру» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинарды А.Орынбекова мен А.Делегаттың жетекшілігімен «Ғибратты сынып» жобасымен бастап, А.Алдақиярова, С. Алтынбекова, Н. Шайсұлтанова, А.Хисаның ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар — әр сабақтың ажырамас бөлігі», «Сабақта ұлттық құндылықтарды дәріптеудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыптарында шеберлік сабақтар жүргізді. С.Махметова мен К.Жуманалина «Болымды және болымсыз етістік» тақырыбында ашық сабақ өткізсе, М.Ахметова мен А.Кусаинова «Көлеңкелер еліндегі» оқиғалар атты сыныптан тыс жұмыстарын жүргізді. Қала мектептерінен № 66 мектеп-лицейінің және №14 орта мектебінің ұстаздары «Дарындылар додасы» атты зияткерлік сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Атаулы іс-шараны ата-ана, мұғалім, оқушы үштігі бірлескен «Аналар тәлімі» атауындағы сыныптан тыс жұмыспен аяқтады.
Семинар соңында , қатысушы ұстаздар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыстарын берді.