Жаратылыстану- математика пәндерін оқытудағы инновациялық тәсілдер

2024 жылдың 23 ақпаны күні №64 мектеп-лицейде «Жаратылыстану- математика пәндерін оқытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында  қалалық  семинар өтті.

          Семинарда №64 мектеп- лицей мұғалімдері ашық сабақтар берсе, Ғ.Орманов атындағы №7мектеп-гимназиясы, №10 мектеп- гимназиясы, №39 кешкі ( ауысымды ) мектеп, №67 мектеп- гимназия, М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназия, №80 мектеп-гимназия, №64 мектеп- лицей мұғалімдері  шеберлік сыныптар жүргізіп, қала мұғалімдерімен іс- тәжірибе бөлісті. Семинарға Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Шакирова Шарипа Химановна, ПШО тренері Ұлтанбаева Сара Еркиновна қатысып, тақырып бойынша теориялық негіздерге  тоқталды.

         Заманға сай сабақ үлгілерін қолдану үшін жағдайлар жасау, педагогтердің қабілеттері мен дағдыларын дамыту мақсатынла өткізілген әдістемелік шара мазмұны мұғалімдердің бойындағы ішкі ұмтылыс арқылы туындайтын мәселелерімен үндесті. Іс-шара қызықты өтті.

         Семинарға  мұғалімдер кері байланыс беріп, ризашылығын білдірді

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *