«МЕЙІРІМДІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ» ЭССЕ БАЙҚАУЫ

Әдістемелік орталықтың жылдық жоспарына сай 2024 жылдың 23 ақпан күні №96 мектеп-гимназиясында педагогтердің шығармашылық қабілетін шыңдау арқылы сыни ойлауына, кәсіби өсуіне ықпал  жасау, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік құзыреттілігін дамыту, педагогтердің үздік тәжірибелік қызметін жалпылау және тарату,белсенді педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында  «Мейірімді қала тұрғындары» тақырыбындағы эссе байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінің барлық пәндері бойынша 127 жас маман қатысты.

Жас мамандарды эссе жазуға кіргізбес бұрын №96 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жалелов Дәулет Серікұлы және педагог-психологі Казбекова Маржан Оразбайқызы жас мамандармен  психологиялық  жаттығулар мен мотивациялық тренинг жүргізсе, Билиспекова Перизат Калиаскаровна №30 мектеп-гимназияның, Манапов Ақжол Миратұлы Ә. Бөкейхан атындағы БИНОМ мектеп-лицейінің, Жунусов Саят Саруарович, №87 мектеп-гимназиясының, Темиргалина Асель Кабдулсаламовна Ы. Алтынсарин атындағы БИНОМ мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімдері әсем әндерімен жағымды көңіл-күй сыйлады.

2 Comments

  1. Қайырлы күн ! Жауабы қашае шығады немеск қай жерден көре аламыз ?

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған