«Жас психолог мектебі» аясында семинар-практикум

2024 жылғы 22 ақпанда  «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі Астана қаласының №22 мектеп-гимназиясының базасында жас мамандарға арналған «Арт-шеберхана: балалар қорқынышын түзету» тақырыбында кезекті оқыту семинар-практикумын өткізді.

 Іс-шараның мақсаты: жас мамандарды арт-терапияның практикалық дағдыларына және балалармен және ата-аналармен жұмыс істеу әдістеріне үйрету. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері М. А. Рустимова оң көзқарасты дамытуға арналған белсенділік жаттығуларын, арт-терапия туралы флеш-теорияны жүргізді.

Семинардың практикалық бөлімінде №28 мектеп-гимназиясының психологы Ю. С. Беликова және №18 орта мектебінің психологы А. К. Каиргожина түзету жұмысындағы арт-терапия тәжірибелік әдістерімен бөлісті. Іс-шара соңында жұмыстар көрмесі және кері байланыс микрофоны өткізілді. Психологтар мұндай іс-шаралардың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтіп, психологиялық қолдау бөлімінің әдіскерлеріне, үнемі жүргізілетін «Жас психолог мектебі» ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *