Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған оқыту семинары

2024 жылғы 22 ақпан  күні Астана қаласы  әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  жылдық жоспарына сәйкес  мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы мамандарының іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Мектепке дейінгі инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

       Семинар барысында, «Сөйлеу тілін түзетуде көрнекі ритмикалық қатарды қолданудың тиімділігі», «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған арналған артикулияциялық ойын жаттығу түрлері», «Логоритмика с элементами нейрогимнастики», «Балалардың тілдерін түзете  дамыта отырып  тиімді әдіс-тәсілдері қолдану» тақырыбында  ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіле отырып, бала тілін дамытудағы дидактикалық ойындардың тиімділігін көрсету  мақсатында   шебер-сынып өткізді.

   Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 80-ге жуық арнайы мамандары  қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған