«Жас психолог мектебі» аясында өткен оқыту семинары

2024 жылғы 22 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жас педагог- психологтарына арналған «Балалардың танымдық іс-әрекетін дамытуда логикалық ойындарды психолог жұмысында тиімді қолдану» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

№58 «Өркен» балабақшасы меңгерушісінің м.а. А.Молдахметова оқу-тәрбие жұмысының барысы, жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы жалпы мәлімет берді. Педагог- психологтар А. Карина, С.Слямова «Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық үрдістерін дамыту» тақырыбында практикалық сабақ көрсетті. Балалардың дамуына белсенді ықпал ететін логикалық тапсырмалар бойынша тыңдаушылармен топтық жұмыстар жүргізіліп, ойындар ойналды. «Баламен жұмыста психолог нені ескеруі керек?» тақырыбындадиалогтік алаң құрылып, өзара пікір алмасу өтті. Психологиялық қызметте қолданатын дидактикалық құралдар және психологтың іс – құжаттары бойынша арнайы бұрыш ұйымдастырылып, жас мамандардың психолог құжаттарымен танысуына жағдай жасалды. Мектепке дейінгі жастағы баланы дамытуда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету,психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша жас мамандардың сұрақтарына орталық әдіскерлері жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар соңында тыңдаушылар тәжірибелік сабаққа, берілген оқу-материалының мазмұнына және сол сәттегі өздерінің көңіл – күйімен эмоционалдық жағдайына рефлексия жасап, кері байланыс берді. Семинарға 36 балабақшаның педагог- психологтары қатысты.

 Қатысушылар атынан семинардың жоғары деңгейде өтуіне жағдай жасаған балабақша әкімшілігіне, педагогикалық ұжымға және іс-тәжірибесімен бөліскен педагог- психологтарға алғыс білдіреміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған