2024 жылдың 22 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №89 мектеп- лицейінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды сүйемелдеуде педагог-ассистенттердің рөлін анықтау мақсатында қала мектептерінің педагог- ассистенттеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды педагог-ассистенттердің сүйемелдеуі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында №89 мектеп- лицейі педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар жүргізді.
Атап айтсақ білім беру ұйымдарындағы педагог – ассистенттердің негізгі жұмыс алгоритмі, оқу үрдісіндегі педагог-ассистенттің рөлі, АВА терапиясы әдісінің тиімділігі түсіндіріліп, инклюзивті білім беруді қолдау кабинетіндегі жұмыстарымен және оқушылардың дағдыларын дамыту мақсатындағы жеке бағдарламалармен жұмыс үлгісі, жағымсыз-мінез құлықтарға және олардың функцияларына тоқталып, түзету жолдары практика жүзінде көрсетілді
Семинарға 97 педагог-ассистенттер қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.