Музыка жетекшілері ассоциациясының шебер-сыныбы өтті

2024 жылғы 22 ақпан күні № 86 «Зияткер» балабақшасында Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымының музыка жетекшілеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің өзекті мәселелері» тақырыбында шебер-сынып өтті.

Іс-шара барысында:

  • «Балалардың шығармашылық қызығушылықтарын қол жетімді құралдармен арттыру»
  • «Мектеп жасына дейнгі балалармен жұмыстағы музыкалық терапия»
  • «Мектеп жасына дейінгі балалардың ырғақтық сезімін арнайы жаттығулар арқылы дамыту»
  • «Музыка сабақтарында боялған музыка немесе құм анимациясы» тақырыбында жүргізілді.

Музыкананың сипатын, ырғағын, көңіл-күйін, әуенді тыңдау сәтінде әсерлену және есте сақтау, шығармашылық, байқампаздақ қабілеттері, музыкалық әуеннің ырғағын сақтап, еркін орындауға үйрету бойынша спикерлер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында рефлексия өткізілді, онда педагогтер кері байланыс беруге, өз әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған