Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия базасында 2024 жылғы 21 ақпан күні «Тәрбие-тал бесіктен» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, шығармашыл азамат тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Оқушылардың бойындағы рухани құндылықтарды дамыту мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі керектігін түсіндіру;
- Мұғалімдердің педагогикадағы іс-тәжірибесін жалпыадамзаттық рухани құндылықтармен интеграциялау тәжірибесін дамыту;
- Мұғалімнің оқушымен адамгершілік қарым-қатынас жасау, олардың талап-тілегімен санасу, мейірімділік, кішіпейілділік, қайырымдылық, жанашырлық сезімін дамытуына бағыт -бағдар беру.
Семинар барысында «Біздің кішкентай бауырларымыз туралы», «Мен — тәуелсіз елдің ұланымын», «Әдептілік – тәрбиенің діңгегі», «Менің Отаным — Қазақстан», Сахналық қойылым «Жер-біздің ортақ үйіміз», «Салтын сақтаған ел жойылмайды», «Уақыт саяхаты», «Туған тілім -бабам тілі -өз тілім» тақырыптарында бастауыш сынып педагогтері шебер-сынып сағаттарын, әдеби-сазды кеш, коучинг, тренингтер өткізді.
Семинар соңында қатысушылармен өзара пікір алмасып, «Падлет» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.