2024 жылдың 20 ақпан күні №41 орта мектепке Әдістемелік орталықтың «Орта білім беру» бөлімінің әдіскері білім сапасын бақылау, пәндер бойынша стандартқа сай білім берілуін, оқушының бойында пәндік білім-білік дағдыларының қалыптасуын бақылау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында Әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабақтар онлайн форматында өтті. Әдістемелік күн барысында әдіскерлер қазақ тілі, ағылшын тілі, химия, орыс тілі пәндері бойынша 10 мұғалімнің сабақтарына қатысып, сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты.