Lesson Study тарих пәні мұғалімдерінің сабақ беруін жетілдіру тәсілі ретінде

Астана қаласының № 75 мектеп – гимназиясында ««Lesson Study тарих пәні мұғалімдерінің сабақ беруін жетілдіру тәсілі ретінде»» тақырыбында қалалық семинар- workshop ұйымдастырылды. Мақсаты – тарих сабағын оқытуды жетілдіру жолдарының бірі ретінде Lesson Study тәсілінің практикалық аспектілерін зерттеу. Семинар барысында тарих сабағында Lesson Study тәсілін тиімді қолдану мәселелері талқыланды. Мұғалімдер топтарға бөлінді, әр топта жұмыс барысында талқыланатын жеке тақырыптары болды. Қатысушылар өз пікірлерімен, тәжірибелерімен жұмыс барысына тартылу арқылы бөлісті.Семинар соңында семинарға қатысушыларға кері байланыс беріліп, пікір алмасу болды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған