2024 жылдың 14 және 15 ақпан күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» психологиялық сүйемелдеу орталығы ата-аналардың жасөспірімдермен оң қарым-қатынасын қалыптастыруда психологиялық білімді жетілдіру мақсатымен Техникалық және Технологиялық колледждердің ата-аналарына арналған оқыту семинар-тренингтерін өткізді, 58 ата-ана қатысты.
Семинар-тренинг барысында ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері атап көрсетілді, қолайлы атмосфераны қалыптастыруға, ата-ана жауапкершілігі сезімін дамытуға және отбасындағы жасөспіріммен жанжалсыз қарым-қатынас жасауға бағытталған психологиялық жаттығулар өткізілді. Топтық практикалық жұмыс жүргізуде жасөспіріммен сәтті қарым-қатынас жасау үшін түрлі әдіс-тәсілдер мен бейнероликтер көрсетілді.
Ата-аналар мұндай кездесулердің маңыздылығын және отбасындағы жасөспіріммен жағымды қарым-қатынастың құндылығын атап өтті. Әдіскерге алғысын білдіре отырып, қазіргі баланы тәрбиелеу мәселелерінде психологиялық-педагогикалық ағарту жөніндегі атқарылатын іс-шараларға үлкен қызығушылық танытты.