Дарынды оқушыны қолдау және оның жетістігі бойынша тәжірибе алмасу

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік  орталығы әдіскері Нұртаева Қанымай Өзбекбайқызы ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды оқушыны қолдау және оның жетістігі бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. 

«Дарынды оқушыны қолдау және оның жетістігі бойынша тәжірибе алмасу» тақырырында №51 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Ибраева Орык Тулеубаевна, «Математикалық олимпиадаларға дайындық» Бибазаров Рауан Толегенович №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі; «Дарындылыққа жетелеу тәсілдері» Катепбай Асылгуль, №82 мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі; «Дарынды оқушыларды логикалық тапсырмалар көмегімен дамыту»  Әптықали Әліби Мұратұлы, Ілияс Есенберлин  атындағы №67 гимназиясының математика пәні мұғалімі; «Математика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланып, дарынды оқушыларды анықтау және дамыту» Исмагулова Гульшат Бакиржановна №18 орта мектептің математика пәні мұғалімі;  «Зерттеуге бағытталған тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың шығармашылық дарындылықтарын дамыту» Парманова Шолпан Куанышбековна №89 мектеп-лицейінің  математика пәні мұғалімі, Парманова Сандугаш Куанышбековна №66 мектеп-лицейінің  математика пәні мұғалімі; «Суперқаһармандарды дайындау: дарынды балалардың әлеуетін ашу» Танирбергенова Гулназия Багдатовна, Каюбалиева Гулназ Табылдиевна Ы.Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері   іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысқан ұстаздар кері байланысты Padlet тақтасы арқылы және ауызша айтып, семинардың қызықты әрі пайдалы өткенін айтты, барлық сұрақтарына жауаптарын алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған