Арнайы білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған семинар өтті.

2024 жылғы 16 ақпан күні Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласының арнайы білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен қолданылатын әдіс-тәсілдер түрлері»

тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Орталық әдіскерлері Астана қаласының «№2 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ арнайы мамандарымен бірлесе отырып арнайы білім беру ұйымдарының жас мамандарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында шебер сыныптар мен тренингтер өткізді.

Сонымен қатар, арнайы мамандар семинар барысында арнайы білім беру ұйымдарындағы мамандардың жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер, түзету-дамыту жұмыстарында ертегі терапиясын қолдану, мектеп жасына дейінгі балалардың артикуляциялық моторикасын дамыту, фонематикалық есту мен зейінін қалыптастыру және түзету кабинеті шеңберінде ата-аналарды қолдау бағдарламасы тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған