«Аударма ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына студенттерді дайындаудың ерекшеліктері

2024 жылғы 15 ақпан күні Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспары бойынша «Аударма ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына студенттерді дайындаудың ерекшеліктері» семинар-практикумы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Астана қаласының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша тәжірибе алмасу.

Семинар-практикумға «Аударма ісі» мамандығының арнайы пәндерінің оқытушылары шақырылды.

«Аударма ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының рөлі мен мүмкіндіктері туралы Қазақстан Халықаралық колледжінің директоры      С.С.Тагиманова, білім беру бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша Еуразия гуманитарлық институты жоғары колледжі директорының оқу жөніндегі орынбасары С.С.Заурбекова және директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Х.Баймуханбетова баяндама жасады, сондай-ақ колледж оқытушылары Д.Н.Қайролла және У.К.Байтурина «Аударма ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат топтарында шеберлік сыныптары көрсетілді.

Қорытындылау кезінде қатысушылар педагогтердің ұсынылған тәжірибесінің өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған