«Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауы өтті

2024 жылдың 14 ақпан күні жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік жобаны іске асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм» колледжінде «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауы өтті.

            Іс-шараның мақсаты: педагогтердің кәсіби бағдарлау қызметінің үздік тәжірибесімен таныстыру, жалпылау және тарату.

Байқау келесі үш номинация бойынша өткізілді «Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы: ата-аналарға арналған жаңа формат», «Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы: оқушылар үшін жаңа формат»,

«Сандық кеңістіктегі кәсіби бағдар».

Ұсынылған байқау құжаттарын  бағалау кезінде материалдың креативтілігі, ерекшелігі ақпараттық мазмұны, тәжірибелік маңыздылығы есепке алынды

Байқау қорытындысы бойынша:

  • І  дәрежелі дипломмен –  колледж психологі Д. Ахметова;
  • ІІ дәрежелі дипломмен –  арнайы пәндер оқытушысы Баймуканова Л.К.;
  • ІІІ дәрежелі дипломмен – өндірістік оқыту шебері Д. Жапар;
  • «Шығармашылық кәсіби бағдаршы» номинациясы  бойынша дипломмен арнайы  пәндер  оқытушысы Р.Б.Тюрюбаева;

– «Тәжірибелі кәсіби бағдаршы» номинациясы  бойынша «Тарих» пәнінің оқытушысы

С.Т. Жұмабаева  марапатталды.

Жүлделі орындар мен номинациялардың барлық иегерлеріне дипломдармен қатар «Kazakhstan Prime Innovation» ЖШС әлеуметтік серіктесінен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған