«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІНЕН 5-8, 10-СЫНЫПТАРДА ЕМТИХАН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ»

2024 жылдың 14 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне 5-8,10-сынып білім алушыларының «Қазақ тілі» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау үшін алынатын аралық емтиханын өткізу тәртібі бойынша оқыту вебинары өтті.

Семинарда әдіскер Жанар Сейтахметқызы мен қалалық Педагогтер қауымдастығының мүшесі №15 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рауан Сәметқызы емтиханның мақсат, міндеттері, емтихан өткізу талабы, емтихан тапсырмаларының мазмұны, емтихан мазмұны, «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша рубрика, аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілері, бағалау критерийлері, жұмысты бағалау, емтиханның өткізілуі бойынша ескертулер, аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұғалімдерде туындаған сұрақтар бойынша жұмыс жүргізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған