2024 жылдың 14 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №30 мектеп- гимназиясы педагогтерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында қала мектептерінің арнайы педагогтарына арналған «Әр баланың құқығы» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында №30 мектеп- гимназиясы педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік-сыныптар, ашық сабақтар, психолгиялық тренингтер өткізді.
«Инклюзивті білім беруде скаффолдинг- интербелсенді технология ретінде» тақырыптарында шеберлік-сынып көрсетіп, педагог- ассистент, логопед, дефектолог түзету- дамыту жұмыстарын көрсетті. Мектептің педагог- психологтары ата- аналармен тренинг және нейрожаттығулар жүргізді.
Семинарға 34 арнайы педагог қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.