Мектептегі әдістемелік күн

Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 13 ақпан күні білім сапасы бойынша пәндердің берілуін, сынып оқушыларының пәндік білім-білік дағдыларын бақылау арқылы №86 мектеп-гимназиясында әдістемелік күн ұйымдастырылды. Мақсаты-педагогтердің сабақ беру әдістемесін, білім сапасын арттыру үшін қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді бақылау, оларға кәсіби шеберлігін арттыруда әдістемелік қолдау көрсету. Әдіскерлер барлық пәндер бойынша 24 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы,оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап, сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған