Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» елорданың орта білім беру ұйымдарында «Өмірге ИӘ деп айт!» ақпараттық акциясын ұйымдастырады.
Акцияның мақсаты білім алушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастыққа психологиялық-педагогикалық білім беру болып табылады.
Іс-шараға директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, мектептер мен колледждердің педагог – психологтары, сынып жетекшілері, кураторлар, педагогтар, ата – аналар, мектептердің 3-11 сынып оқушылары және Астана қаласы колледждерінің 1-2 курс студенттері қатысады.
Іс-шараға қатысушылар үшін вебинарлар, семинар-тренингтер, семинар-практикумдар, жеке тұлғаны дамыту тренингтері ұйымдастырылады.
Іс-шараның материалдары https://astana-modern.edu.kz/ сайтында жарияланатын болады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: +7 (7172) 73-11-62; e-mail: astanamodern@gmail.ru