«Педагогтерді қолдау» жобасы

2024 жылы 09 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес «Педагогтерді кәсіби дамыту» бөлімі «Педагогтерді қолдау» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің №75 мектеп – гимназиясы» ШЖҚМКК әдістемелік күн өткізді. Әдістемелік күн барысында педагогтерді жұмысқа қабылдау, бос лауазымға конкурс өткізуде орын алатын қателіктердің алдын алу үшін «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №83 бұйрықтары негізінде құжаттарды мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес қабылдау және педагогтерді аттестаттаудан өткізу сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, тиімді ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған