9 ақпан күні С. Сәдуақасұлы атындағы 78 мектеп-гимназияда Әдістемелік орталықтың әдіскері Жанар Маманның және қалалық «Бітібаева әдістемесі» шығармашылық топ мүшесі Көки Жұлдыздың ұйымдастыруымен «Қ. Бітібаева әдістемесімен оқыту» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарына арналған қалалық семинар өтті.
Семинарда Қ. Бітібаева әдістемесінің тиімділігі бойынша шығармашылық топ ұстаздары өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін шыңдауға ат салысты.
№52 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдеш Гүлнұр Бейімбет және Майлин атындағы №64 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Букенова Гауһар Асқанбекқызы «Қ. Бітібаеваның » Ой тастау, ойланту» технологиясы арқылы оқушының сын тұрғысынан ойлау сипатын қалыптастыру», «Көркем шығарманы оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбы бойынша әдебиет пәнін Бітібаеваша оқыту тәжірибелерімен бөлісті. С. Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия директоры Жангазакова Карлыгаш Есимхановна, директордың орынбасарлары Жанабилова Ания Акайкызы, Курманова Айнур Муратовна, мектеп психологі Журкеева Анар Жаркинбековна жас мамандарға арналған шараға өз үлестерін қосты.