Ұйымдастырушылық іс-әрекеттегі тиімді тәсілдердің маңыздылығы

2024 жылғы 8 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес педагогтердің ұйымдастыру іс-әрекетін жүргізу әдістемесін жетілдіру, оларға тиімді тәсілдерді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектепалды сынып, топтарының педагогтеріне арналған «Ұйымдастырушылық іс-әрекеттегі тиімді тәсілдердің маңыздылығы» атты қалалық семинар-практикумы өтті.

Іс-шараға Алматы және Есіл аудандарының білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары мен мектепалды топтарының 60-қа жуық педагогі қатысты, олар 6 пікірталас алаңына бөлінді.

Семинарға қатысушы Алматы және Есіл аудандары балабақшаларының мектепалды топ тәрбиешілері мен мектепалды сынып педагогтерін 6 топқа бөліп отырғызылды.

Іс-шара барысында Әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы білім беру ұйымдарының педагогтері басшылыққа алатын педагогикалық әдептің жалпы қағидаттары мен нормаларының жиынтығы болып табылатын педагогикалық әдеп қағидаларын түсіндірді.

№ 54 «Нұр-Ай» балабақшасының тәрбиешілері Ермахан Динара Ерланқызы «Заттық-кеңістік дамытушы орта құрудың тиімді тәсілдері», Нуретдинова Асем Бахытжанқызы «Мектепалды топтарында Шульте кестесін тиімді қолдану тәсілі» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Сондай-ақ аталған балабақша тәрбиешісі Баратова Гульнара Рукашевна «Бусоград» әдіс-тәсілін тиімді қолдану жолдарын көрсетті.

№ 73 мектеп-лицейдің мектепалды сынып педагогі Бекмашева Ардак Гилымовна «Ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында шебер-сынып көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Практикумға қатысушылар «Додекаэдр әдісі», «Қолшатыр әдісі», «Нейрожаттығулар әдісі», «Қадам», «Тыңдау, көру, орындау табиғи әдісі», «Танграмм» әдістерін тиімді қолдануды үйренді.

Семинар соңында педагогтер өз ой-пікірлері және ұсыныстарымен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған