Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2024 жылғы 7 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің Е.Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебі МКҚК-мен бірлесіп «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру: әдістер мен үдерістер» семинары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: музыка мектептері мен өнер мектептерінің жас музыкалық педагогтерін кәсіби шеберлігін арттыру, өзекті мәселелерін зерттеу, тәжірибе алмасу.

Семинар барысында «Білім беру ұйымдарының музыкалық жетекшісі жұмысына қатысты нормативтік құжаттар» тақырыбында баяндама оқылды. Сонымен қатар, спикерлер жоғары санатты педагогтер белсенді қатысып, «Хор сыныбында сабақтарды ұйымдастыру және өткізу процесі», «Жеке ән айту сабақтарында вокалдық-техникалық дағдыларды оқыту», «Сольфеджионың бірінші сыныбындағы дәстүрлі және инновациялық технологиялар», «Чернидің зерттеулері – пианистердің техникалық дайындығының негізі ретінде», «Ансамбльдегі Гитара», тақырыбындағы шеберлік сыныптарын көрсетіп, іс тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар өз ризашылықтарын айтып, алдағы уақытта шеберлік сабақтары мен танымдық семинарларда жиі тәжірибе алмасуға ниеттерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған