Информатика және физика пәндерін оқытуда STEAM технологиясын қолдану

2024 жылғы 2-ақпан күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» КМҚК және Ахмет Байтұрсынұлы BINOM School мектеп-лицейі ұйымдастыруымен қаланың   физика және информатика пәні мұғалімдеріне «Информатика және физика пәндерін оқытуда STEAM технологиясын қолдану»  тақырыбында қалалық семинарын өткізді. Бағдарламаның мақсатына сәйкес №49 орта мектеп, физика-математика бағытындағы НЗМ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «BINOM School» мектеп-лицейінің мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті. Семинар бағдарламасының мазмұны мақсатына сай үлгілі озық тәжірибелі ұстаздардың шеберлік сабағы, робототехника көрмесі және ашық сабақтан құралды.

Физика пәні секциясында оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер көрсетілді. Информатика бағытында болса, оқушылармен STEAM олимпиадасы ұйымдастырылып, STEAM технологиясы бойынша сертификатталған озық тәжірибелі мұғалімдер шеберлік сабақ көрсетті. Екі пәннен жоспарланған ашық сабақ нәтижелі бола алды, себебі ұйымдастырылған белсенді әдіс тәсілдер арқылы оқушыны бағалауға жетеледі, қатысушы мұғалімдер баланың эмоциясын көре алғанын айтады.

          Қазіргі таңда оқытуда оқушының ойлауына қолдау көрсету маңызды саналады, яғни алған білімін қолдана алатын технократтарды дайындауға үлес қосу. Осы орайда мұғалімдерге STEAM технологиясын игеру және оны қолдануда көп тәжірибелер алмасуды қажет етеді. Жалпы заман талабына сай білім беру біздің ортақ мүддеміз.

Семинар мақсаты орындалды, мұғалімдер үшін бұл кездесу тиімді бола алғаны padlet тақтасы арқалы алынған кері байланыстарынан көруге болады.

https://ru.padlet.com/amanovasetkhan/steam-dug4m238275k7vpt

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған