Оқушылардың тұлғалық дамуына арналған тренингтер

           2024 жылдың 31 қаңтары және 02 ақпан аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлерінің ұйымдастыруымен №№14,67,50,48,87,23 мектеп педагог-психологтарына әдістемелік көмек ретінде шебер-сыныптар ұйымдастырылды.

           Шебер-сынып аясында әдіскерлер жасөспірімдермен команда құру, оң мотивация мен тұрақты өсуге деген ұмтылысты арттыру әдістері, сонымен қатар, эмоционалдық тұрақтылық пен өзіне деген сенімділікті дамыту бойынша жаттығулар өткізді.

        Жасөспірімдерге арналған тақырыптық бейнероликтер ұсынылды, ситуациялық ойындарды тәжірибеде ойнап көрсетті. Кері байланыста оқушылар өз  ойларымен,  пікірлерімен бөлісті.

         Мектеп педагог-психологтары әзірлемелер, осындай іс-шараларды өткізуге арналған материалдар, жасөспірімдермен қызықты тренингтер өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған