Түрлі жас топтарында ойындарды ұйымдастыру

Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 02 ақпан күні мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер қауымдастығымен №66 «Толағай» балабақшасында «Түрлі  жас топтарында ойындарды ұйымдастыру» тақырыбында жас тәрбиешілерге арналған шебер-сынып өтті.

Басқосу барысында Әдістемелік орталықтың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімінің әдіскері Түймебай Арайлым Мейрбекқызы іс-шара мақсаты мен бағдарламасын таныстыра отырып,  тәрбиешілерге «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

№7 «Аққу» балабақшасының тәрбиешісі, Алшинбаева Каншайым Сапаровна «Воскобович  технологиясы арқылы балалардың ой-өрісін дамыту»,  №67 «Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі Мукажанова Гульмира Кенесовна,  «Балабақшада метеоалаң жұмысын ұйымдастыру»,  №66 «Толағай» балабақшасының тәрбиешілері, Жумабаева Назгуль Токишевна, Улмесова Гулниса Габитовна, «Сингапур әдісі/ойындары» баланың дағдылары мен біліктіліктерінің дамуына берер үлестерінің маңыздылығы мен пайдасы туралы әдістемелерімен бөлісті,  №17 «Ер-Төстік» балабақшасының тәрбиешісі, «Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды ойын арқылы жан-жақты дамыту», №47 «Ақ желкен» балабақшасының тәрбиешілері Акжигитова Марал Оспановна, Мырзахасымова Айжан Сагитқызы «Балабақшадағы эйдетикалық ойындар» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жас тәрбиешілерге  арналған шебер-сынып өте қызықты  әрі пайдалы болды. Қауымдастық жетекшісі Мангазинова Айгерим Жакияновнаға алдағы өтетін семинар, шебер-сыныптардың маңыздылығымен қажеттілігін атап өтті. Жас мамандарға осы іспеттес тәжірибелік шебер-сыныптарды жиі ұйымдастырып, тәжірибе бөлісу керектігі назарға алынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған